Оралда тұрғын үй құрылысы 53 пайызға артады

15 сәуір, 2018, 13:20 2237 Батыс Қазақстан облысы
Оралда тұрғын үй құрылысы 53 пайызға артады

 Орал қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы биыл 53 пайызға артпақ.

Осы көктемде облыс орталығында 14 көпқабатты үйдің іргесін қалау көзделген, деп хабарлады 24.kz. Оның 9-ы Зашаған кентінде бой көтерсе, алтауы шаһардың солтүстік-шығысындағы жаңа ықшамауданда тұрғызылады. Жаңа ауданға қажетті инженерлік желілер таяу күндері тартылмақ. Сонда қалада барлығы 159 мың шаршы метр баспана салынады. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында құрылысқа 13 миллиард теңге қарастырылған. Айта кетерлігі, облыс орталығында 19 мың тұрғын пәтер кезегінде тұрса, 70 мың адам жер кезегіне тіркелген.

"Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында біз 15 үйдің құрылысын, көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүзеге асыратын боламыз. Бұл қосымша мың жарым отбасына жаңа үй беруге мүмкіншілік болады. Жалпы алғанда 4 жарым мыңнан астам отбасы тұрғын үйге қол жеткізеді", - деді қала әкімі Мұрат Мұқаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар