Оралда жарылыстан зардап шеккен мұғалімге алтыншы рет ота жасалды - Жаңалықтар | BNews

Оралда жарылыстан зардап шеккен мұғалімге алтыншы рет ота жасалды

07 ақпан, 20:05 1013
Оралда жарылыстан зардап шеккен мұғалімге алтыншы рет ота жасалды

Әселім Нығметова Ресейдің Самара қаласында ем алуды жалғастыруда.

Бүгінгі күнге дейін Әселім Нығметоваға денесінің күйіп қалған терісін қалпына келтіру үшін алты рет ота жасалған, деп хабарлайды BNews.kz Мой Город-қа сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Әселім қазір Ресей Федерациясындағы Самара қаласындағы клиникада емделуде.

"Әселімнің терісінің 40%-ы қалпына келді. Бірақ ол әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жанына күйеуінен басқа ешкімді кіргізбейді. Ол қазір кешенді ем қабылдауда. Оған әлі де бірнеше рет ота жасалады", - дейді оның бауыры Ерлан Нығметов.

Сондай-ақ, Ерлан Нығметов аурухана басшылығы Әселімнің еміне қанша қаржы кеткенін енді хабарлайтынын айтады. Әзірше, оны емдеуге қанша қаржы кеткені белгісіз.

Еске сала кетсек, былтыр қараша айында Орал қаласындағы жеке үйде жарылыс болып, 6 адам зардап шеккен болатын. Олардың біреуі 37 жастағы Әселім Нығметова болған. Сол кезде аяғы ауыр келіншектің денесінің 85%-ын күйік шалған еді.

Жарылыстан зардап шеккен әйелге қайырымды жандардың көмегі қажет екені туралы осыған дейін хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары