Оралдағы қоғамдық көлікте электронды жолақы енгізіледі

03 желтоқсан, 2018, 16:25 1674 Батыс Қазақстан облысы
Оралдағы қоғамдық көлікте электронды жолақы енгізіледі

Қалада жолаушылар тасымалын жақсартудың жаңа тұжырымдамасы қабылданды.

Оралдағы қоғамдық көліктерде электронды жолақы енгізіледі, деп хабарлайды BNews.kz 24 kz-ке сілтеме жасап.

Соған сай қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Егер осыдан екі жыл бұрын қалалық автопарктің 40% шағын автобустар құраса, бүгінде 190 "Газельден" 30-ы ғана қалған. Биыл жергілікті тасымалдаушы кәсіпорындар 35 үлкен автобус сатып алды, келер жылға тағы 135 жаңа автобус алуды көздеп отыр. Яғни ескі қоғамдық көліктің көрсеткіші 54 пайыздан 27 пайызға азаймақ. Бұл салада сандық технологиялар да белсенді қолданылуда.

"Стандартқа сай автобустар болады. Ішіне видеокамералар ортантылады, карталармен толық өтемақысын төлеуге мүмкіндік болады. Сонымен қатар "Инфобас" бағдарламасы аясында барша 450 автобусқа "GPS" навигатор қондырылған. "Смарт Орал" қосымшасында әр автобустың қай жерде келе жатқанын жолаушылар көріп отырады", - деді қала әкімі Мұрат Мұқаев. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар