Орыс тілін әлі ешкім жоққа шығарған жоқ – Дариға Назарбаева - Жаңалықтар | BNews

Орыс тілін әлі ешкім жоққа шығарған жоқ – Дариға Назарбаева

01 наурыз, 2018, 12:01 1944 Астана
Орыс тілін әлі ешкім жоққа шығарған жоқ – Дариға Назарбаева

Сенатор бұл мәселені асыра сілтеудің керегі жоқ деп есептейді.

Сенатор Дариға Назарбаева Парламент Сенатының отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді. Олар Сенат депутатынан Қазақстанның Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышевке депутаттық сауалын неге орыс тілінде қойғанын сұрады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Орыс тілін әлі ешкім жоққа шығарған жоқ. Мен баяндамамды өзіме ыңғайлы тілде жасадым. Біз барлығымыз Президенттің тапсырмасын орындауға тырысамыз. Бірақ, Аллаға шүкір, орыс тіліне әлі ешкім шектеу қойған жоқ. Мұндай, мүмкін, болмайтын да шығар. Біз еліміздің басқа да тұрғындарын құрметтеуіміз керек. Мен бұл мәселені асыра сілтеудің керегі жоқ деп есептеймін. Ұлтаралық келісім мен достыққа ешбір адам шектеу қойған емес. Қазіргі кезде еліміздегі, сондай-ақ мемлекеттік органдардағы қолданылып жүрген тілдер ҚР Конституциясымен бекітілген", - деді бейсенбі күні Дариға Назарбаева.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар