Орталық Азия елдері президенттерінің кездесуіне Мирзиёев бастамашылық етті – Назарбаев - Жаңалықтар | BNews

Орталық Азия елдері президенттерінің кездесуіне Мирзиёев бастамашылық етті – Назарбаев

15 наурыз, 18:30 3160 Астана
Орталық Азия елдері президенттерінің кездесуіне Мирзиёев бастамашылық етті – Назарбаев

Бес елдің президенттері бірге 2009 жылы кездескен.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерінің басшыларына олардың бірлескен кездесуі сонау 2009 жылы болғанын еске салды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біздің ішкі мәселелерімізді шешу үшін жұмыс бабы бойынша тұрақты консультативтік кездесу өткізу идеясы Өзбекстан Президентіне тиесілі және туындайтын мәселелерді оның жеңіл қолымен оңай шеше аламыз. Біздің кездесуіміз бәрімізге ортақ көктем мерекесі – Наурыз қарсаңына тұспа-тұс келіп тұр, оған қоса соңғы ортақ кездесуіміз осыдан 9 жыл бұрын болған", - деді Қазақстан Президенті.

Елбасы сол уақыттан бері басшылар бірге кездеспегенін атап өтті.

"Әрине, бір-бірімізбен хабарласып тұрдық, кездестік, бірақ мұндай бірлескен кездесу болған жоқ", - деді Қазақстан басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше, Қазақстан елімізбен ортақ тарихы, мәдениеті мен діни тұрғыдағы ортақ түсінігі бар бүкіл көршілермен, әсіресе Орталық Азия елдерімен үнемі тығыз экономикалық ынтымақтастық орнатуға ынталы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Орталық Азия елдері басшыларының бірінші консультативті кездесуі аясында, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Қазақстан Президенті Жээнбековпен өткен соңғы кездесу барысында айтылған мәселенің барлығы шешіліп жатқанын атап өтті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында Шавкат Мирзиёев екі ел арасындағы тек темір жол арқылы ғана жасалатын тауар айналымы бір жылда 44%-ға артқанын айтты.

Ұқсас жаңалықтар