Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында кездесуге уағдаласты - Жаңалықтар | BNews

Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында кездесуге уағдаласты

15 наурыз, 2018, 20:04 3184 Астана
Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында кездесуге уағдаласты

Келесі жылы кездесу Ташкентте өтетін болады.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының жұмыс бабындағы кездесуі жыл сайын өткізілетін болды.  Бұл туралы бүгінгі кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Келесі кездесу алдағы жылы Ташкентте өтеді. Наурыз мерекесі қарсаңында жыл сайын әр мемлекет астанасында кездесіп тұруға уағдаластық. Наурыз біздің ортақ мереке, сондықтан бір-бірімізді құттықтауымыздың мәні бар", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Назарбаев Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатынас соңғы бір жыл ішінде белсенді түрде жанданып, өткен жылдың наурыз айынан бастап барлық президентттер бір-бірімен кездесулер өткізгенін айтып өтті.

"Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев көршілерге қатысты үлкен жұмыс атқарып, 20 жылға созылған тоңды жібітті. Қырғызстан Президенті  Сооранбай Жээнбеков көршілермен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселелерге оң ықпал етті. Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның маусым айында Душанбеде жоғары деңгейдегі халықаралық конференция өткізу ұсынысын оң бағалаймын. Бәріміз қолдаймыз деген ойдамын", - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы биыл Аралды құтқару халықаралық қорына 25 жыл толатынын айтып, осы орайда Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың тамыз айында Арал қоры құрылтайшы-мемлекеттерінің мерейтойлық саммитін өткізу жөніндегі ұсынысын қолдайтынын атап өтті.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар