Өскеменде тәртіп сақшылары оқушылардың жолдан өтуін қадағалайтын болады

08 қаңтар, 2019, 15:48 1727
Өскеменде тәртіп сақшылары оқушылардың жолдан өтуін қадағалайтын болады

Мұндай тапсырманы қала басшысы беріп отыр.

Өскемендегі әрбір мектептің жанында полиция кезекшілік ететін болды. Тәртіп сақшылары оқушылардың жолдан аман-есен өтуін қадағалайды, деп хабарлады Аltaynews.kz.

Облыс орталығындағы оқушылардың мектепке барар жолы қауіпсіз бола түспек. Үшінші тоқсаннан бастап әрбір мектептің жанындағы жаяу жүргінші жолында полция қызметкерлері кезекшілік атқаратын болады. Бұндай тапсырманы қала басшысы Жақсылық Омар беріп отыр.

"Оқу жылының аяғына дейін ЖПП қызметкерлері 7.30 дан 8.15-ке дейін, яғни көлік ағыны ең көп болатын уақытта мектеп маңындағы жол қозғалысын қадағалайды", – деп мәлімдеді Жақсылық Омар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #мектеп #жол жүру ережесі

Читайте также

Похожие новости