Өскеменде цифрлық ХҚКО ашылды

04 қаңтар, 2019, 13:15 3411
Өскеменде цифрлық ХҚКО ашылды

Сондай-ақ мұнда халықтың цифрлық сауатын ашу мақсатында тегін оқу сыныбы жұмыс істейді.

Республика бойынша кезекті цифрлық ХҚО Өскеменде ашылды. Бұрын республикалық маңызы бар қалаларда ғана қызмет көрсеткен цифрлық ХҚО қазір Қазақстанның он бір қаласында жұмыс істейді, деп хабарлады baq.kz. Өскеменде цифрлық қызмет орталығы Белинский көшесінде №3 ХҚО  ғимаратында орналасқан.
Цифрлық ХҚО – бұл мемлекеттік қызметтерді цифрлық технологиялардың көмегімен алуға мүмкіндік беретін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының республика бойынша ашып жатқан жаңа үлгідегі фронт-офисі. Цифрлық қызмет көрсету орталығының жұмысы толығымен автоматтандырылған.  Азаматтар өз бетінше операторлардың көмегінсіз қажетті қызметтерді алып,өзінің цифрлық сауатын арттыра алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушысы Азамат Есембуловтың айтуынша, өткен аптаның өзінде еліміз бойынша жеті Цифрлық орталық ашылған. 

"Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа нұсқасы болып есептелетін цифрлық орталықта азаматтар өз бетінше қоғамдық қолжетімділік орындары, "Connection Point" өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы керекті анықтамаларды ала алады. Бұл операторлардың қатысуынсыз мемлекеттік қызметтерді ұсынудың жаңа форматы", – деді Аазамат Есембулов.

Сондай-ақ мұндай халықтың цифрлық сауатын ашу мақсатында тегін оқу сыныбы ашылды. Оқу аптаның әр күнінде бекітілген тақырыптар бойынша сағат 9:00-ден 20:00 аралығында жүргізіледі. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқу сыныбында фронт-офис мамандары азаматтарға www.egov.kz электрондық үкімет порталын пайдалану жолдарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтерге өз бетінше қол жеткізуді үйретеді. Бір сағатты құрайтын сауат ашу курсына кез келген адам қатыса алады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #ХҚКО #цифрлық технологиялар

Читайте также

Похожие новости