Өскемендік ер адам бес жыл бойы құлдықта болған

01 тамыз, 2018, 14:05 1861 Шығыс Қазақстан облысы
Өскемендік ер адам бес жыл бойы құлдықта болған

Тек аяғын үсітіп алып, жұмысқа жарамай қалған кезде ғана оны "иесі" жарамсыз зат секілді көшеге тастай салған.

Өскемен қаласының тұрғыны бес жыл көлемінде құлдықта болып, шаруа қожалығында барлық жұмыстарды атқарған, деп хабарлайды BNews.kz altaynews.kz басылымына сілтеме жасап.

Бес жыл бұрын облыс орталығының 40 жасар тұрғыны алкогольдік ішімдік ішкен соң, ертеңінде облыстың шалғай аудандарының бірінде бірақ оянған. Ол аталған уақыт аралығында тұтқында болып, шаруа қожалығындағы барлық жұмысты атқарған. Ақыр соңында аяғын үсітіп алып, еңбекке жарамсыз болып қалғанда оны керексіз зат секілді көшеге шығарып тастаған.

Осы іске қатысты өңір полицейлері еңбек құлдығы фактісін анықтап отыр.

Облыстық ІІД-де соған ұқсас тағы бір оқиға тіркелген. Мәселен, Семей қаласында полицейлерге көмек сұрап 30 жастағы ер адам хабарласқан. Айтуынша, оны 2016 жылдың сәуір айында шала таныс адамдар аудандардың біріне алып кетіп, бостандығынан айырып, заңсыз түрде алыстағы қыстақтардың бірінде жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының полицейлері адам саудасына байланысты ауыр қылмыстарды ашып, жыл сайын осындай фактілерді  әшкерелеп келеді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері жеңгетайлықтың 15 фактісі әшкереленген. Оның ішінде 3 факті интернет-ресурстары арқылы анықталса, екі жағдайда жезөкшелікпен айналысу үшін ғимарат ұсынғаны белгілі болған. Сондай-ақ, адамдарды заңсыз тасымалдаудың төрт фактісі тіркелген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар