Отандасымыз спорттық гимнастика бойынша әлем кубогінің үздік бестігіне енді

26 қараша, 2018, 12:03 1680
Отандасымыз спорттық гимнастика бойынша әлем кубогінің үздік бестігіне енді

Жарыс нәтижесі бойынша, қазақстандық гимнаст бесінші орынды иеленді.

Германияның Котбус қаласында спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі кезеңі аяқталды. Аталған сында қазақстандық спортшы Милад Карими үздік бестік қатарынан көрінді, деп хабарлайды BNews.kz Оlympic.kz-сілтеме жасап.

Қол тіреп секіруден финалдық бәсекеге дейін 8-орын алған Милад ақтық сында өз нәтижесін жақсартты. 

Жарыс нәтижесі бойынша, қазақстандық гимнаст бесінші орын иеленді. 

Еске сала кетейік, аталған сында Нариман Курбанов пен Милад Карими ғана өнер көрсетті. Өкінішке қарай, Курбанов финалға өте алған жоқ. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар