Отандық көліктер IT қосымшалармен жабдықталады

19 желтоқсан, 2018, 16:15 2021
Отандық көліктер IT қосымшалармен жабдықталады

Көліктердің қозғалтқышын іске қосу мен қауіпсіздігін бақылау жүйесінде оларды смартфон қосымшалары арқылы басқару тетіктері қарастырылады.

Отандық автокөліктер IT қосымшалармен жабдықталады, деп хабарлады "Хабар 24".

Осылайша, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғаш болып ақпараттық технологияны автоөндірісте қолданбақ. Мамандардың айтуынша, көліктердің қозғалтқышын іске қосу мен қауіпсіздігін бақылау жүйесінде оларды смартфон қосымшалары арқылы басқару тетіктері қарастырылған. Яғни, қалта телефоны арқылы темір тұлпардың техникалық жағдайы туралы үйде отырып-ақ хабардар етіледі. Қазір өскемендік автоқұрастыру зауыты бұл жаңашылдықты белсенді игеріп жатыр. Зауыт өкілдерінің сөзінше, IT бағдарламалардың орналасуы автокөлік бағасының қымбаттауына әсер етпейді.

"Бұл біртекті телематикалық күзет жүйесі деуге болады. Көлік иелеріне мобильді қосымша арқылы автокөлікті басқаруға, бақылауға мүмкіндік береді. Ақпарттық технология игілігі автомобильдердің "ақылды қала" инфрақұрылымына еркін сіңісуіне жол ашады", - деді автозауыт директоры Ерік Сағымбаев.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#автокөлік #Ақылды қала

Читайте также

Похожие новости