Өткен алты айдың ішінде бірінші сатыдағы соттар 1,8 миллион сот ісін қарады – Асанов

20 тамыз, 2018, 15:09 2338
Өткен алты айдың ішінде бірінші сатыдағы соттар 1,8 миллион сот ісін қарады – Асанов

Бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен жоғары.

Елбасы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде Мемлекет басшысына сот төрелігі органдарының биылғы жартыжылдықта атқарған қызметі мен бұған дейінгі жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берілді.

"Өткен 6 айдың ішінде бірінші сатыдағы соттар 1,8 миллион сот ісі мен материалдарды қарады. Бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткіштен жоғары. Қылмыстық іс бойынша 16 302 адам сотталса, олардың 25 пайызы бас бостандығынан айырылды", – деді Жоғарғы сот төрағасы.

Жақып Асанов Нұрсұлтан Назарбаевқа экономикалық қылмыстар бойынша қамау түріндегі бұлтартпау шараларын белгілеу жағдайы 30 пайызға төмендегінін мәлімдеді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар тапсырма берді.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Елбасы #Жақып Асанов #қылмыстық іс

Читайте также

Похожие новости