ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы жұмысынан босатылды

11 Октября, 2018, 17:07 3855
ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы жұмысынан босатылды |  | BNews.kz

Бұл Қанат Оразқұловтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты.

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы Қанат Оразқұлов жұмысынан босатылды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Орынтайұлы Оразқұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Әлиханұлы Жүсіповке Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқару жүктелді.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13990

Похожие новости