Өткен тәулікте Астанадан 40 мың текше метрден астам қар шығарылды

23 қараша, 2018, 17:29 3092 Астана
Өткен тәулікте Астанадан 40 мың текше метрден астам қар шығарылды

Жол бетіне құм-тұз аралас қоспаның 166 текше метрі себілді.

22 қарашада қала көшелері мен жолдарын тазартуға 322 жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

"Астана Тазалық" ЖШС мәліметінше,  қар тазалау жұмыстарына техниканың 678 бірлігі тартылған. Қала сыртына шығарылған қар көлемі 40108 текше метрді құрайды.

"Астана Тазалық" – 18928 текше метр, мердігер ұйымдар – 19470 текше метр, "Зеленстрой" АҚ – 1710 текше метр қарды шығарған. 16 қазан мен 22 қараша аралығында қаладан жалпылай алғанда 197 438  текше метр қар шығарылды.

22 қарашада құм-тұз аралас қоспаның 166 текше метрі себілді. Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар