Астанада өткен жылы 1746 отбасы апатты үйлерден көшірілді - Жаңалықтар | BNews

Астанада өткен жылы 1746 отбасы апатты үйлерден көшірілді

28 ақпан, 11:29 1241
Астанада өткен жылы 1746 отбасы апатты үйлерден көшірілді

Елордада апатты үйлерді сүру туралы жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру аяқталды.

Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев халыққа есеп беру кезінде айтты, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"3449 отбасы көшірілді, 228 апатты үйдің 15 мыңға жуық тұрғындары жаңа баспанаға ие болды. Тек өткен жылдың өзінде 111 апатты үйден 1746 отбасы өздерінің жаңа пәтеріне қоныс аударды", - деді Ә.Исекешев.

Ал қазір астанада аталмыш жобаның екінші кезеңін жүзеге асыру басталуда, оның шеңберінде 5 жыл ішінде 150 көппәтерлі үйді сүріп тастау жоспарланып отыр. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары