Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы Елбасы Жолдауының терең мазмұнын ерекше атап өтті

06 қараша, 2018, 12:13 2418
Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы Елбасы Жолдауының терең мазмұнын ерекше атап өтті

Орталық өкілдері Жолдаудағы құқық қорғау органдарының сапасын жақсарту, сот жүйесін одан әрі жаңғырту, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға байланысты белгіленген шаралар маңызды екеніне тоқталды. 

Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы Өзбекстанда өмір сүріп жатқан қазақ қауымы атынан  Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" туралы Жолдауына орай пікірлерін білдіреді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған әр жылғы Жолдауын біз Өзбекстанда тұрып жатқан қазақ ұлтының өкілдері көтеріңкі көңіл күйде, қазақ халқына деген өте үлкен қамқорлық пен қайырымдылық, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, табыс пен тұрмыс сапасының жақсаруына қаратылған мемлекеттік деңгейдегі орасан ісшаралар екендігін барынша сезініп қабылдаймыз және ризашылығымызды білдіріп келеміз.

Елбасының бұл жолғы Жолдауы өзінің терең мазмұны, маңыздылығы және қазақ қоғамының бұдан да өсіп өркендеуіне үлкен ықпалын тигізетіндігіне сенімдіміз. Бізге әсіресе Жолдауда айтып өтілген Қазақстан Республикасының қарқынды дамып келе жатқан заманауи ілгерішіл мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді тола қамтамасыз етіп, тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргізілгендігі, халық беделінің артуы және  аймақтағы геосаяси рөлінің күшейуі өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ісіне зор жауапкершілікпен қарап, халықаралық мәселелердің жүзеге асыруда белсенділік танытып келе жатқандығы өте қуантады. Сондай-ақ, өткен жылдар аралығында әлемге әйгілі Астанадай қала салынғандығы, халық саны 18 млн.-нан асып өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жеткендігі, елге 300 млрд.АҚШ доллары көмегінде тікелей инвестиция тартылып экономикасының дамуы бойынша жаһандағы 190 елдің ішінде 36-шы  орынға көтерілгендігі, 2050 жылға қарай әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарынан ену үшін үлкен экономикалық-әлеуметтік реформаларды жүзеге асырып жатқандығы біздің қазақ еліне деген қызығуымызды оятады" , - делінген мәтінде.

Сондай-ақ Жолдаудағы құқықты қорғау органдарының сапасын жақсарту, сот жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі де айтылып өтті.

"Жолдаудағы халық табысының өсуіне қаратылған шаралар, атап айтқанда елдегі ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру, бұған республика бюджетінен жыл сайын 96 млрд. тенге бөлінуі, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру, инновациялық және сервистік секторларды дамыту орта және жоғары білім, мектепке дейінгі білім беруді, денсаулықты сақтау саласының, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, бұл мақсаттарға 5 млрд. тенге бөлінетіндігі халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай арттырады. Сондай-ақ Жолдаудағы құқықты қорғау органдарының сапасын жақсарту, сот жүйесін одан әрі жаңғырту, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту бойында белгіленген шаралар да өте маңызды болып азаматтардың емін-еркін заңды өмір сүрулерін қамтамасыз етеді.

Осы орайда біз Өзбекстандық қазақ ұлты өкілдерінің көңілінен шығып жатқан жайт Жолдаудағы Қазақстанның тиімді сыртқы саясаты және оны жүзеге асыру жөніндегі белгіленген шаралары. Өйткені, қазақ және өзбек халықтары арасындағы мығым байланыс ғасырлар бойы жалғасып келеді. Тілі, діні бір тіпті салт-дәстүрлері де бір-біріне жақын болған бұл екі бауырлас ел, әсіресе, кейінгі жылдарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев және Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М.Мирзиеевтің бір-бірлеріне деген жақын қарым-қатынастары, белсенді түрдегі іс-әрекеттері нәтижесінде екі ел арасындағы экономикалық саудасатық, әлеуметтік және әдеби-мәдени байланыстар қарқын алып, күннен күнге ұлғайып келеді. Соның нәтижесінде екі елде өз тәуелсіздіктерінің арқасында мінеки 27 жылдан бері қолға кіріткен, ғасырға татитындай үлкен және әлемдік табыстарға кенеліп, мемлекеттеріміздің дамуы, ел-жұрт болашағы және халықтарымыздың әл-ауқаттылығы жолында орасан және өте маңызды экономикалық, әлеуметтік және мәдени реформалар да жүзеге асарып келеді.

Өзбекстандағы бір миллионнан астам қазақ ұлтының өкілдері, қазақ қауымы, мұның ішінде Өзбекстан қазақ ұлттық мәдени орталығы өз кезегінде Елбасы төрағалық ететін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясы және Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігімен жақын байланыс орнатып, олардың қолдауларына сүйене келе Ата-жұрттан сырттай болса да, қазақтығына нық болып, ана тілін қаймағы бұзылмаған қалпында сақтап, ұлттық құндылықтарымен ата-баба салтдәстүрлерін дамытып, балаларына қазақи тәлім-тәрбие беріп келеді.

Біз Өзбекстандағы қазақ қауымы ата жұртымыз болған Қазақстанның барлық толағайлы табыстарына жүрегіміз жылып, шынайы шаттанамыз, жетістіктеріне марқаямыз. Қазақ елінің экономикалық әлеуметтік және мәдени-рухани салада дамып, өзгелерден көш бойы алға озып келуі бізде атажұртқа деген өте ыстық ынта-ықыласымызды және де арттырады. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аталмыш Жолдауын тола қолдаймыз және тарихи маңызға ие болып қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасының артуына үлкен септігін тигизеді деп сенім білдіреміз", - делінген мәтінде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар