Өзбекстанда жекпе-жектен өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды

14 қараша, 2017, 11:53 1597
Өзбекстанда жекпе-жектен өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіспен оралды

Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) ерлер мен мен әйелдер арасында өткен жекпе-жек сайыстан өткен Ашық чемпионат 14 елдің мықты деген спортшыларын жинады, деп хабарлайды BNews.kz.

Азия чемпионатының судьялық бригадасының құрамында болған Халықаралық санаттағы судья, ҚР ҚАЖ комитеті құрама командасының жаттықтырушысы Әділ Қайырбаев сайыста Қазақстан құрамасы жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, үздік үштіктің қатарынан көрінгенін атап өтті.

«Аталған жарыста 15 медальді қанжығасына байлап, үздік үштіктің қатарынан көрінген Қазақстан құрамасы жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Оның біреуі – алтын, алты күміс және сегіз қола медаль болды. Атап айтарлығы, сайыста құраманың атынан шыққан 15 адамның бесеуі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлері», - дейді Әділ Қайырбаев.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша финалға шыққан қазақстандық жеті спортшының төртеуі еліміздегі пенитенциарлық жүйенің өкілдері. 

Мәселен, жоғары нәтиже көрсеткен ҚАЖ комитетінің қызмектері жекпе-жек сайыстан Қазақстан Республикасының спорт шебері Рустам Атабаев 80 келі салмақта екінші орынды иеленсе, әйелдер арасында Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖ департаментінің өкілі Әсел Жұмақаева мен Жамбыл облысының ҚАЖ қызметкері Жансая Еркебаева да өздерінің салмақ дәжересінде (тиісінше 75 және 65 кг) екінші орында бой көрсетті. Ал Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкері Марина Ни 60 келі салмақта өнер көрсетіп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар