Өзбекстанның алты азаматы Маңғыстау тас жолында жол апатынан қаза тапты - Жаңалықтар | BNews

Өзбекстанның алты азаматы Маңғыстау тас жолында жол апатынан қаза тапты

02 наурыз, 2018, 11:16 1987 Маңғыстау облысы
Өзбекстанның алты азаматы Маңғыстау тас жолында жол апатынан қаза тапты

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігі қайтыс болғандардың аты-жөнін атады.

Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылына жақын жердегі автожолда "Ақтау – Бейнеу" жол бағытымен жүріп келе жатқан "Лада Ларгус" автокөлігі мен Shacman жүк көлігі 1 наурыз күні соқтығысты, деп хабарлады Өзбекстанның ТЖМ. 

Жол-көлік оқиғасының салдарынан автокөліктен өрт шығып, оқиға орнында жеті адам қаза тапты, олардың алтауы Өзбекстан Республикасының азаматы. Олардың аты-жөні анықталды. Болжам бойынша олар "Лада Ларгус" автокөлігінде болған.

"Аллаяров Расулбек Кузибоевич, 23.02.1981 жылы туған, Душамов Зокир Куранбоевич, 11.04.1977 жылы туған, Рахимов Шерзод Сапарбоевич, 12.07.1980 жылы туған, Бегназаров Мардонбек Хушнуд угли, 27.10.1995 жылы туған, Мадаминов Гайрат Розматович, 13.10.1985 жылы туған, Балтаев Махмуджон Сабуржан угли, 21.09.1995 жылы туған", - делінген хабарламада.

Аталған оқиғаға байланысты толығырақ ақпаратты Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Жедел желісіндегі" (+998 71) 147-10-50 телефон нөмірі арқылы алуға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар