Пара алғаны үшін 20-ға жуық алматылық шенеунік сотталды

13 маусым, 2018, 19:13 3132 Алматы
Пара алғаны үшін 20-ға жуық алматылық шенеунік сотталды

Мемлекетке келтірілген залал сомасы 170 млн теңгені құрады және ол толығымен қазынаға қайтарылды.

Биыл Алматы соттары пара алғаны үшін айыпталған мемлекеттік қызметкерлерге қатысты 40 іс қозғады. Қылмыстық жазаға 18 адам тартылды. Бұл туралы Азаматтық бастамалар конгресіне бағытталған брифинг барысында Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюросы департаментінің басшысы Ержан Ибрагимов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында айтылғандай, жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса береді. Соңғы үш жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды. Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге мөлшерінде келтірген залалы қазынаға қайтарылды.

"Бюроның құзыретіне сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және тексеру жұмыстарын жүргізу. Биыл біз 54 қылмыстық іс қозғадық, олардың 40-ы сотқа жіберілді, 18 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Келтірілген зиян мөлшері - 170 млн теңге, олардың барлығы толықтай қазынаға қайтарылды", - деді Ержан Ибрагимов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарға әкімдіктердің, ішкі істер департаменттерінің, оқу орындары мен құрылыс қызметкерлері ең көп баратынын атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандықтар аталған салалар бойынша жиі шағымданады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар