Паралимпиада чемпионы Колядинге Қостанай облысында пәтер сыйлайды

Написать нам
19 наурыз, 2018, 15:57 4158 Қостанай облысы
Паралимпиада чемпионы Колядинге Қостанай облысында пәтер сыйлайды

Паралимпиада спортшысына 21 наурызда құрмет көрсетіледі.

Қостанай облысының әкімі аппараттық жиын барысында Пхёнчханда (Оңтүстік Корея) өткен Паралимпиада-2018 ойындарының чемпионы шаңғышы Александра Колядинге қалай құрмет көрсетілетінін айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz Аlau.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл Қазақстанан қысқы Паралимпиада ойындарының тарихында алғаш рет "алтын" жүлдені иеленді. Қостанай облысының әкімі жергілікті тұрғынды жеңісімен құттықтады.

"Тәуелсіз еліміздің тарихында Александр Колядин алғаш рет алтын жүлдеге қол жеткізді. 21 наурызда біз оны күтіп аламыз. Оған пәтер сыйлаймыз, чемпионға құрмет көрсетеміз. Бұл басқа да мүгедек-спортшылар үшін жақсы үлгі, олар да сергек, өмірге құштар болулары және жетістіктерге жетулері керек", - деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Айта кетейік, қазақстандық параатлетші Александр Колядин Пхенчхандағы қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль алды. Бұл – еліміздің қысқы Паралимпиада тарихындағы алғашқы алтын жүлде.

Еске салсақ, сонымен қатар, параатлетке ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев та құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Пхёнчханда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында "алтын" алған шаңғышы Александр Колядинді құттықтады. Мәдениет министрлігінің басшысы бұл жүлде Қазақстандағы Паралимпиада спорты бойынша үлкен жетістік екенін атап өтті.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев шаңғышы Александр Колядинді Оңтүстік Кореяда өткен Паралимпиада ойындарында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады. Ол Қазақстан үшін бұл медальдің тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан ХІІ қысқы Паралимпиада ойындарында 15 км қашықтықтағы спринтте алтын медаль алған қазақстандық спортшы Александр Колядин жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті. Ол "алтынға" көңілі толмағанын, егер де ресейлік қарсыластары Паралимпиада ойындарына қатысып, солардан озғанда өзін толықтай чемпион деп есептейтінін айтқан болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар