Партия алдында стратегиялық күш болып қалыптасу міндеті тұр – Мәулен Әшімбаев

1 Июня, 2018, 12:55 3545
Партия алдында стратегиялық күш болып қалыптасу міндеті тұр – Мәулен Әшімбаев |  | BNews.kz

Халықтың өмір сапасын жақсарту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде, деп атап өтті партия төрағасының бірінші орынбасары.

Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы халықтың өмір сапасын жақсартып, ел ауқатын арттыруға бағытталған жаңа межелерді анықтап берді. Аталған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Елбасы, партия төрағасы "Нұр Отан" партиясын жүйелі жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін соңғы айларда нақты шаралар атқарылды. Мақсат – Мемлекет басшысының сенімді тірегі және экономикалық, әлеуметтік, саяси- рухани саладағы президент саясатының белсенді әрі негізгі орындаушысы және дәріптеушісі ретінде партияның әлеуетін одан әрі аттыру. Елбасы кемел саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздік жылдарында барлық салада үлкен табыстарға қол жеткізді", - деді ол "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев халықтың өмір сапасын жақсартып, ел ауқатын арттыру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

"Қазір Мемлекет басшысы еліміздің алдында үшінші жаңғыруды жүзеге асыру мақсатын қойып отыр. Осыған байланысты партиямыздың алдында Қазақстанның жаңғыруына жүйелі түрде қатысатын стратегиялық күш болып қалыптасу міндеті тұр. Еліміздегі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші ретінде тың идеялармен ұсыныстардың өзігіне айналдыру – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Халықтың өмір сапасын жақсартып, ел ауқатын арттыруға бағытталған Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы да алдымыздағы жаңа межелерді анықтап берді. Бүгінда аталған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда", - деп түйіндеді сөзін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13853

Похожие новости