Павлодар мектебінде цифрлық жүйе енгізілді - Жаңалықтар | BNews

Павлодар мектебінде цифрлық жүйе енгізілді

05 ақпан, 16:19 569 Павлодар облысы
Павлодар мектебінде цифрлық жүйе енгізілді

Ертіс өңіріндегі "Жас дарын" мамандандырылған мектебінде оқушылар базасына енгізілген ақылды құрылғы жұмыс істей бастады.

Озық жүйенің биометриялық деректерді анықтау қабілеті 98 пайызды құрайды, деп хабарлайды BNews.kz 24-ке сілтеме жасап.

"Цифрлық Қазақстан" аясындағы бұл құрылғы біз үшін өте тиімді деп ойлаймын. Біріншіден, бұл - оқушылардың қауіпсіздігі. Екіншіден, осылайша балалардың келуін қадағалап, бақылау болып табылады", - деді "Жас дарын" мамандандырылған мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлназы Қожагелдинова".   

Павлодарлық білім ордасы оны бір ай мерзімге сынақ ретінде қолданып көрмек. Бейнекамера арқылы тану қолданыстағы карточкалық жүйеден едәуір жылдам жұмыс істейді. Сондай-ақ дәл осындай ақылды құрылғылардың асхана мен кітапханаға арналған түрлері де бар.

"Қазақстанда, осы Павлодар қаласында біз бірінші рет бет-әлпетті тану жүйесін қондырып жатырмыз. Мектепке оқушылар кірген кезде, оқушылардың бет-әлпетіне қарап, бұрынғы базаға сәйкестендіреді, сонан соң турникет ашылады. Сол ашылғаннан кейін оқушы мектеп сыныптарына кіре алады. Цифрлық технологияның балалар қауіпсіздігі мен үлгерімі үшін де маңызы орасан", - деді жоба авторларының бірі Бауыржан Мұқаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары