Павлодар облысында 400-ге жуық мектепте "Рухани жаңғыру" сыныптары ашылады - Жаңалықтар | BNews

Павлодар облысында 400-ге жуық мектепте "Рухани жаңғыру" сыныптары ашылады

03 наурыз, 09:54 2464
Павлодар облысында 400-ге жуық мектепте

Ертіс өңірінде "Рухани жаңғыру" кабинеттері пайда болады.

Алғашқылардың бірі облыстық оқушылар сарайында ашылды. Жаңа жоба жас ұрпақтың бойына қасиетті топырақтан шыққан тұлғалардың өнегелі өмірін сіңіруді көздейді деп хабарлады 24.kz.Осы тектес сыныптар облыстағы 400-ге жуық орта мектепте ашылады.

Павлодарда сондай-ақ еліміздегі алғашқы ІТ-орталық ашылды. Құрылым жастардың стартап жобалары мен заманауи идеяларын қолдауға бағытталған. Сонымен қатар мұнда роботтық техника, бағдармаламық қамтамасыз ету мобильді қосымшаларын жасау негіздерін тегін игеруге мүмкіндік бар. Болашақта цифрландыру бағытындағы арнайы зертханалар мен IT-мамандарына арналған клубтар да жұмысын бастамақ.

"Инфолайт" жобасының өзектілігі ол вайфайдың, блютуздың көмегінсіз сіз кез келген көлемді файлды кез келген қашықтықта жібере аласыз. Жобаның бастапқы этапы жұмыс істеп тұр, - деді жоба авторы Азамат Бекболат.