Павлодар облысында қазақ-жоңғар соғысына арналған ескерткіш пайда болды

04 желтоқсан, 2018, 10:03 1621 Павлодар облысы
Павлодар облысында қазақ-жоңғар соғысына арналған ескерткіш пайда болды

Ауыл азаматтары хан Абылайдың ерлік жорығын дәріптейтін ескерткіш белгі орнатты.

Павлодар облысы Ертіс өңірінде ауыл азаматтары қазақ-жоңғар соғысындағы хан Абылайдың ерлік жорығын дәріптейтін ескерткіш белгі орнатты, деп хабарлайды BNews.kz "Хабар 24" порталына сілтеме жасап.

"Абылай, найза мекені" немесе "Шабанбай жайылымы" деп аталатын тарихи жер Баскөл ауылының іргесінде жатыр. Бабалардың ізі қалған киелі мекен жайында аңыз-әңгімелер шежірешілерден және ауыл ақсақалдарынан жеткен. Жаугершілік заманда Жоңғар шапқыншылары Қалмаққырылған тауының етегінде үлкен тойтарысқа ұшырайды. Дәл сол жолы жауға қарсы атой салған қалың әскер Шабанбай деген дәулетті адамның жайылымына келіп үш күн аялдапты. Жаужүрек батырлардың жолсоқты кейпін көрген жомарт жан хан Абылайдың қарамағындағы жасаққа 500 сәйгүлік мінгізіп, киім-кешек пен ас-суларын әзірлеп берген деседі. Енді бұл жер тарихшылардың назарын аудартып отыр.

Тарихшы Айгүл Мұхамедиярова орнатылған ескерткіштің болашақ ұрпақ үшін пайдасы мол екенін атап өтті.

"Өз әскерімен ат дүбірін тоқтатқан, мына найзасын қадаған жерге бүгінгі күні ескерткіш тұрғызылып отыр. Осы ескерткіш болашақ ұрпақты төл тарихын білуге, тәрбиелеуге, бағалауға, мақтан тұтуға тәрбиелейді деп есептеймін", - деді Айгүл Мұхамедиярова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар