Павлодар облысында құрамында емдік қасиеті бар ыстық су көздері анықталды

17 Января, 2019, 10:09 2072
Павлодар облысында құрамында емдік қасиеті бар ыстық су көздері анықталды |  | BNews.kz

Бұл су көздері емдеу-сауықтыру туризмінің жаңа бағытына айналуы мүмкін.

Павлодар облысында құрамында емдік қасиеті бар ыстық су көздері анықталып жатыр. Облыста туризм саласы үшін аталған су көздерін пайдалану көзделіп отыр. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген аппараттық жиында өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы Дастан Рыспеков мәлім етті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

"Туризм саласы үшін серпін беретін тың жобалардың бірі – радон көздері. Алматы облысы Ұйғыр ауданының  Шонжы кентінде орналасқан  радон көздерінің аналогы бойынша минералды суды пайдалану адам ағзасына оң  әсер етеді. Осы жоба аясында қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне ыстық көздердің бар-жоғын анықтау бойынша хат жолданған. Нәтижесінде Железин ауданының Михайловск ауылындағы Шалдауық көлінде және Успен ауданының Темирязево ауылында бар болып шықты", - деді Дастан Рыспеков.

Басқарма басшысы Железин ауданында өздігінен ағып жатқан ұңғыма  ауданның Әділет басқармасында 2018 жылы 31 желтоқсанда иесіз ретінде тіркелгенін атап өтті.

"Бұл көл географиялық картада көрсетілмеген. Бір жыл өткеннен кейін меншік иесі жоқ деп тану үшін құжаттар сотқа жіберіледі. Бұл көздер емдік-сауықтыру туризмі үшін жаңа бағыт болады. Осы бағытта орынды анықтау, көлдің температурасы мен емдік қасиеті туралы ақпарат жинау,  зерттеу жүргізу бойынша жұмыс жоспарланып отыр", - деді Өңірлік кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы.

Айта кетерлігі, жер қойнауынан 37 градус болып шығатын судың адам ағзасына берер пайдасы мол. Ол түрлі бөртпелер мен қышыма ауруларын, буын, созылмалы ауруларды, сондай-ақ қан қысымының көтерілуін емдейді.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13986

Похожие новости