Павлодар облысының 32 ауылдық аумағының әкімдері жобалық менеджментті үйренуде

27 қараша, 2018, 12:03 1637 Павлодар облысы
Павлодар облысының 32 ауылдық аумағының әкімдері жобалық менеджментті үйренуде

Семинардың нәтижесінде белгілі бір ауылдық аймақтың ең негізгі әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттаған 32 жоба жасалды.

Павлодар облысында тұрғындар саны екі мың адамнан асатын ауылдық жерлерде 2018 жылдың басынан жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті бекітілді, деп хабарлайды BNews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында 32 ауылдық аймақ әкімдері үшін оқыту семинары ұйымдастырылды. Оқытудың нәтижесінде қатысушылар бюджеттік үрдіс пен коммуналдық меншікті басқару, ведомстволық әкімшілік-аумақтық бірліктің салықтық әлеуетін ескере отырып кіріс базасын құру бойынша тәжірибелік дағдыларға ие болады.

Семинардың нәтижесінде белгілі бір ауылдық аймақтың ең негізгі әлеуметтік мәселелерін шешуге бағыттаған 32 жоба жасалды.

"Бюджеттің 4-ші жеке деңгейіне өткен ауылдық аймақтар әкімдеріне арналған семинар біз үшін өте өзекті болып келеді. Бізге жобалық менеджментті үйретті. Бұл жерде біз Академия филиалының тәлімгерлерімен, мемлекеттік басқару және облыстық басқармалар сарапшыларымен бірігіп, тікелей ауылдарға арнап жобаларды жасаймыз, оларды бірден қорғаудан өткіземіз. Барлық жобалар болашақта тәжірибе жүзінде іске асырылатын болады", – деді Тереңкөл ауданы,  Тереңкөл ауылының әкімі Данияр Айтышев.

Осы жыл аясында Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы бірқатар семинарларды өткізді. Олардың барысында мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейін енгізу үрдістері зерттелді.  Осындай семинарлардың бірі БҰҰДБ және ҚР ҰЭМ-мен біріге отырып 2018 жылдың 16 қазанында Баянауыл ауылында өтті. Бұл семинарға Баянауыл, Май, Шарбақты, Аққулы аудандары мен Ақсу, Екібастұз қалаларының 50 әкімі оқып келді. 

Павлодар облысы аппаратының бастамасымен 2018 жылдың 12-13 қарашасы аралығында бюджеттің төртінші деңгейін енгізген 67 ауылдық аймақ әкімдерімен "Жеке бюджетті құру. Әкімшілік айыппұл салудың тәртібі" тақырыбы бойынша семинар өткізілді.

Алайда жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін енгізу бойынша әкімдердің бірталай жауапсыз қалған сұрақтары бар. Осы мақсатта ҚР Президенті қарамағындағы Мемлекеттік басқару Академиясы барлық республика көлемінде 2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында "Аймақтың дамуына бағытталған жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің трансформациясы" тақырыбына 2018 жылы бюджеттің 4-ші деңгейін енгізген 1062 ауылдық аймақ әкімі үшін семинар өткізбек.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар