Павлодар облысының Ақсу қаласында билер кеңесі құрылды

10 Января, 2019, 09:41 6979
Павлодар облысының Ақсу қаласында билер кеңесі құрылды  |  | BNews.kz

Билер сотының мақсаты –  достық пен  өзара сенім негізінде тұрғындар арасындағы дауларды татулықпен шешу.

Ақсу қалалық сотында билер кеңесі құрылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

"Билер сотын Ақсу қаласының құрметті азаматы Бәкіжан Өмірбаев басқарды", - деді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Кеңестің құрамына кәсіби емес медиатор Залмұхан Арынов пен кәсіби медиатор Абай Қасымбеков енді. Билер сотының мақсаты –  достық пен  өзара сенім негізінде тұрғындар арасындағы дауларды татулықпен шешу, қоғамда өзара сыйластық пен түсінушілікке бағытталған қарым-қатынасты орнату.

Ақсу қалалық сотының төрағасы Марат Дайкеновтың айтуынша, билер соты қоғамдағы даулы сұрақтарды сотқа жетпестен шешуге және жанжалдың санын азайтуға, тараптарға дауды шешу жолының оңтайлы әдісін қабылдауға көмектеседі.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13922

Похожие новости