Елбасы Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атауларын өзгертті - Жаңалықтар | BNews

Елбасы Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атауларын өзгертті

07 тамыз, 11:39 1612 Астана
Елбасы Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атауларын өзгертті

Бұл аудандар Тереңкөл, Аққулы ауданы болып қайта аталады.

Елбасының Жарлығымен Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарының атаулары өзгерді, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы:

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Павлодар облысының кейбір аудандары:

1) Качир ауданы – Тереңкөл ауданы;

2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары