Павлодар облысының кәсіпорындары жергілікті ғалымдар әзірлеген шамдарды пайдалануды көздеп отыр

17 желтоқсан, 2018, 12:14 1849 Павлодар облысы
Павлодар облысының кәсіпорындары жергілікті ғалымдар әзірлеген шамдарды пайдалануды көздеп отыр

Жоба күн батареяларынан қуат алатын автономды жарықшамдарының жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған ЭКСПО жобалары аясындағы инновациялық әзірлемелерін таныстырды, деп хабарлады оқу орнынының баспасөз қызметі.

Шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Жайық Шарабасов және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрболат Сейтмахамбетов қатысты.

"Бүгінде дамыған мемлекеттер "таза" энергияға көшуде. Қазақстанда өндірілетін энергетиканың бір пайызы ғана "жасыл" энергетикаға жатады. 2017 жылы елімізде ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі өтті. Негізгі тақырып – жаңа энергияны барынша пайдалану. Біз әлемдегі үздік тәжірибемен танысып, оларды аймағымызды жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болдық. Қазіргі уақытта 10 жобаның үшеуі жүзеге асырылуда. Тәуелсіздік мерекесіне орай екі  екі күрделі жобаны таныстырдық", - деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Жайық Шарабасов

Шара барысында электр энергиясын өндіру үшін жаяу жүргінші плиталарын пайдалану бойынша бірқатар инновациялық жұмыстар көрсетілді. Жоба жарық құралдары жұмысының дербестігін 50%-ын және  жарықтандыру шамдарының дербестігін 25%-ын,  сондай-ақ, күн батареяларынан қуат алатын автономды жарықшамдарының жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Олар композитті материалдарынан жасалып, жаяу жүргіншілердің кинетикалық энергиясын электр қуатына айналдырады. Кейін қолданысқа енгізіледі.

Осылайша көшелерді жарықтандыруда қолданылатын күн батареяларындағы автономды шарықшамдардың өндірістік өзіндік құны 47%-ға төмендейді. Түнгі уақытта көшелерді жарықтандыруға қолданылатын шамдар электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, техногенді және полимерлі қалдықтардың негізінде құрылыс материалдарын жасау жобасы таныстырылды. Өнім тротуарлы плита, жабынқыш, бордюр, кәріз сақиналары мен люк түрінде таныстырылды.


Фото: ПМУ-дің баспасөз қызметі

ПМУ-де жаңартылған энергетика тақырыбында дәріс оқып жүрген мұнай және энергетика унивреситетінің профессоры (Үндістан) Рагаван Кришнасуамиоқу орнында баламалы энергия көздері тақырыбы бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеп, жақсартуды көздейтінін айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар