Павлодарда "Дала сұлулары" көрмесі өтуде

04 желтоқсан, 2018, 12:12 1610 Павлодар облысы
Павлодарда

Көрмеде 70-ке жуық сызба және кескіндеме қылқалам туындысы ұсынылды.

Облыстық көркемсурет музейінде ашылған жергілікті суретші Алтын Қисамиденованың "Анама арнадым" атты көрмесінде 70-ке жуық сызба және кескіндеме туындысы ұсынылды, деп хабарлады pavlodarnews.kz. 

"Көрмеге Алтын Қисамиденованың ерекше әдіспен орындалған жұмыстары қойылған. Бұл соңғы үш жылдың ішінде салынған туындылар. Биыл ол Қырғызстан елінде өткен шығармашыл суретшілердің фестиваліне қатыты", - дейді экскурсия жүргізуші Бақытгүл Әділхан. 

Автор бұл көрмені өзінің суретші болып қалыптасуына зор ықпал етіп, үнемі қолдау білдірген анасына арнайды. Экскурсия жүргізушінің айтуынша, көрмеге ұсынылған туындылар Ыстықкөл, Алматы, Астана және Павлодар қаласында орындалған пейзаждар сериясын құрайды. Кең жазира даланың әсем көрінісін, сыр-сипатын беру арқылы еліміздің табиғатын сүйіспеншілікпен бейнелейді. Қайталанбас сұлулықты бейнелеуде қасиетті атамекен топырағының жылулығын көркемсурет өнері арқылы жеткізеді. Бүгінде суретші портрет, пейзаж, натюрморт, тақырыптық жанрында жұмыс жасайды.

Республикалық, облыстық, қалалық шығармашылық көрмелер, конкурстар және жыл сайын өткізілетін пленэрлердің белсенді қатысушысы. Суретшінің "Дала сұлулары" әйелдер портреттер сериясы таңғажайып пен көркемдікке толы. Көрме 30 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар