Павлодарда екі айлық нәресте өрттен қатты күйіп қалды - Жаңалықтар | BNews

Павлодарда екі айлық нәресте өрттен қатты күйіп қалды

22 ақпан, 11:50 967 Павлодар облысы
Павлодарда екі айлық нәресте өрттен қатты күйіп қалды

3-4 санаттағы күйік шалған қыз бала ауыр жағдайда.

Павлодарда Шөкин көшесі, 100 мекенжайы бойынша орналасқан 16 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды BNews.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болғанын хабарлады.

"Бесінші қабаттағы пәтерде бір шаршы метр аумақ жанған. Оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына екі айлық қыз бала жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған", - деді департаментте.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, өрт сағат 13:05-те оқшауланып, сағат 13:12-де толығымен сөндірілген.

"Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінен 18 қызметкер және бес  техника, апаттық медицина орталығынан үш адам мен бір техника жұмылдырылды", - деді ведомство өкілі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда 3-4 санаттағы күйік шалған қыз бала ауыр жағдайда. Ол жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары