Павлодарда қоқыс жәшігінен сәби табылды - Жаңалықтар | BNews

Павлодарда қоқыс жәшігінен сәби табылды

30 қаңтар, 12:23 1050 Павлодар облысы
Павлодарда қоқыс жәшігінен сәби табылды

Баланың туғанына шамамен 10-12 күн болған. Оның қоқыс жәшігінде қанша жатып қалғаны белгісіз, деп хабарлайды BNews.kz.

Instagram әлеуметтік желісінде 29 қаңтар күні кешкі уақытта көшеден өтіп бара жатқан ер адам жаңа туған баланы тауып алғаны туралы ақпарат тараған. Жарық дүние есігін енді ашқан сәбидің жағдайы туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ораз Мұқашев айтты.

"Нәресте далада көрпешеге оралған күйінде жатқан. Кеше сәбиді жедел жәрдем мамандары перинаталды орталыққа жеткізді. Дене температурасы 35,4 градус болған сәбиге жансақтау шаралары жүргізілді. Бүгінгі таңда жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Сараптама нәтижесі суық тигенін көрсетті.  Оның қанша уақыт  далада жатқаны белгісіз" - деді Ораз Мұқашев.

Ұл баланың салмағы 3,5 келі. Айы-күні жетіліп туған ұл балаға шамамен 10-12 күн болған. Бұл жағдай жөнінде ішкі істер органдарына хабарланды. 2018 жылы 1 қаңтардан бастап, облыста 570 ұл бала дүниеге келген. Қазіргі таңда барлық құжаттар бойынша тексеру жүргізілуде. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары