Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбидің туыстары іздестіріліп жатыр - Жаңалықтар | BNews

Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбидің туыстары іздестіріліп жатыр

30 қаңтар, 17:58 1421 Павлодар облысы
Павлодарда қоқыс жәшігінен табылған сәбидің туыстары іздестіріліп жатыр

Павлодарда табылған нәресте Облыстық перинаталдық орталық дәрігерлерінің жіті бақылауында.

Медицина қызметкерлері сәбидің суреті мен видеосын тарату арқылы оның туыстарын табуға үміттеніп отыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Құтқарылған кішкентай пациенттің жағдайы туралы орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова айтып берді.

"Нәрестені танитындар табылып қалуы мүмкін деген мақсатпен оның суреті мен видеосын көрсетіп отырмыз. Екіншіден, халықты тыныштандырғымыз келеді, қазіргі кезде балаға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Нәрестенің жолы болды. Ол 20-30 минут бойы аязда қоқыс жәшігінде жатқан, оның қолдары тоңа бастаған. Ұл бала таза төсек жаймасы мен көрпеге оралған күйінде табылған. Басында қатты қорқып кеттік, оны тез арада жылыттық, тамақтандырдық, медициналық сараптама және рентгенмен тексеріс жасадық. Қазір нәрестенің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, физиологиялық процестер қалыпты жүріп жатыр, сәби өте белсенді. Баланың салмағы – 3040 грамм", - деп хабарлады Айман Оспанова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта баланың жағдайы қалыпты ауыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодарда қоқыс жәшігінен сәби табылған болатын. Баланың туғанына шамамен 10-12 күн болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары