Павлодарда көлігімен 600 литр контрафактілік алкоголь тасымалдаған жүргізуші ұсталды - Жаңалықтар | BNews

Павлодарда көлігімен 600 литр контрафактілік алкоголь тасымалдаған жүргізуші ұсталды

08 ақпан, 13:16 1585 Павлодар облысы
Павлодарда көлігімен 600 литр контрафактілік алкоголь тасымалдаған жүргізуші ұсталды

Жүргізушіде тасымалданатын тауарға рұқсат беретін құжаттар да болмаған.

Жол-патрульдік полиция ротасының қызметкерлері рейд жүргізу барысында этикеттері мен акциздік маркасы жоқ бес литрлік 100-ден астам бөтелкені тасымалдаған 36 жастағы павлодарлықты ұстады, деп хабарлайды BNews.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары "Омбы-Майқапшағай" тас жолында Honda Odyssey маркалы көлікті тоқтатты. Тексеру барысында автомобильдің артқы орындығында спирттік ішімдік құйылған бес литрлік 600 канистр бар екені анықталды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Баян Мағзұмова жүргізушіде тасымалданатын тауарға рұқсат беретін құжаттар да болмағанын айтты.

"Шөлмектерде ешқандай этикеттер мен акцизді маркалар болмады. Жүргізушінің тасымалданатын тауарға рұқсат беретін құжаттары да жоқ болып шықты", - деді Баян Мағзұмова.

Жүргізушінің айтуынша, ол павлодарлық дүкендердің бірінен сатып алған шөлмектерді Железин ауданындағы танысына  жеткізбек болған. 

Аталған факті бойынша материалдар шешім қабылдау үшін Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жолданады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары