Павлодарда мультимедиялық музейлік кешен ашылады

28 желтоқсан, 2018, 12:37 3728
Павлодарда мультимедиялық музейлік кешен ашылады

Онда дүние тарихы музейі, көшпелілер өркениеті музейі, сондай-ақ этнографиялық музей сынды үш блок болады.

Келесі жалдың тамыз айында Павлодарда мультимедиялық музейлік кешеннің ашылуы жоспарланып отыр, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Болат Бақауовтың төрағалығымен мультимедиялық музейлік кешеннің салынуы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Тарихшылар, музейшілер, сәулетшілер мен археологтар болашақ музейдің қандай болатынын талқылады. Ол 2,5 мың шаршы метр аумақты алып, 3 блоктан тұрады деп жоспарлануда – дүние тарихы музейі, көшпелілер өркениеті музейі, этнографиялық музей.

"Үлкен музейдің болуы кез келген қаланың, әсіресе облыс орталығының дәрежесін көтереді. Сол себепті осындай музейдің салынуы Павлодар имиджінің көтерілуіне әсер етеді. Меніңше, музейдің орналасқан жері өте тиімді, ол Ертістің жағасы, Орталық жағажайдың дәл жанында", - деді Павлодар облысының бас сәулетшісі Нұрлан Қақамбетов. 

Жаңа музейдің құрылыс жұмыстары басталып кетті, бірақ қысқы аяздар себебінен жұмыс тобы құрылысты тоқтатуды шешті. Сондай-ақ, мамандар музейге қойылатын заттарды жинаумен айналысып жүр.

"Үш блоктың әрқайсысында мультимедиялық контент, яғни гидтер, 3D-реконструкциялар және тағы басқалар болуы қарастырылған. Жақсы жәдігерлер мен мультимедиялық контент заманауи музейлік кешенді құруға мүмкіндік береді. Көшпелілер өркениеті музейінде интерактивті алаң қарастырылған. Бұл жерде келушінің әрқайсысы ежелгі адамға айналып, ыдыс немесе үй жиһазын жасап, қола немесе темірден жебенің ұшын құйып көруі мүмкін. Оның барлығы жаңа музейдің келушілері шынайы тарихты сезініп, ол кездегі жағдайларды ондаған немесе жүздеген мың жылдар бұрын өмір сүрген адамдардың көзімен көрсін деген ниетпен жасалған", - деді зерттеуші-археолог Тимур Смагулов.

Облыс әкімі айтып өткендей, жаңа музейлік кешеннің құрылысына біз жан-жағынан кірісуіміз керек. Бұл объектіні көріктендіруге, экскурсия жетекшілерін дайындауға және жаңа музейдің атын шығаруға да қатысты.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Павлодар облысы #құрылыс #мәдениет

Читайте также

Похожие новости