Павлодарда прокурорлар көлік компаниясынан 56 млн теңге салық өндірді

18 қазан, 2018, 12:21 3174 Павлодар облысы
Павлодарда прокурорлар көлік компаниясынан 56 млн теңге салық өндірді

Салық төлеуші көрсетілген жанама салық сомасын тауарларды Еуразиялық экономиқалық одағына мүше-мемлекеттер аумағынан импорттау барысында төлемеген.

Павлодар көлік прокуратурасы талдау жүргізу нәтижесінде "А3 Коммерц" ЖШС 56 млн теңге көлемінде қосымша құн салығын өндіріп алды, деп хабарлайды BNews.kz Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Салық төлеуші көрсетілген жанама салық сомасын тауарларды Еуразиялық экономиқалық одағына мүше-мемлекеттер аумағынан импорттау барысында төлемеген. Атап айтқанда, Павлодар қаласындағы Трамвай басқармасын жаңғырту жобасы аясында серіктестік Беларусь Республикасынан 8 трамвай әкелген. Алайда, 33,4 млн теңге көлеміндегі қосымша құн салығы тек 3 техника үшін төленген", - деп хабарлады ведомствода.

Қалған қалалық рельстік көлік үшін 56 млн теңгені құрайтын салық сомасы прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кірістер органымен өндіріліп алынды.

Серіктестікке салық төлемегені үшін 288 600 теңге көлемінде әкімшілік айып салынды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар