Қызылорда облысы Сырдария аудандық перзентхана бөлімшесі өңірлендірудің ІІ деңгейіне өтті

20 қазан, 2018, 10:34 907 Қызылорда облысы
Қызылорда облысы Сырдария аудандық перзентхана бөлімшесі өңірлендірудің ІІ деңгейіне өтті

Сырдария ауданы бойынша жылына шамамен 800 сәби дүниеге келеді.

Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы перзентхана бөлімшесі өңірлендірудің ІІ деңгейіне өтті. "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар" Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Н.Мырзағалиева ауданның денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды BNews.kz.

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімі Ғ.Қазантаев аудандық аурухана жұмысымен танысып, өңірлендірудің ІІ-деңгейіне өткен жаңа перзентхана бөлімшесінің ашылуына қатысты.

Ауданның бас дәрігері Нұржамал Жұмағалиқызы аудандық перзентханаға облыстық перинаталдық орталықтан білікті акушер-гинекологтар және неонатологтар тартылғанын атап өтті.

"Сырдария ауданы бойынша жылына шамамен 800 сәби дүниеге келеді. Оның 15,6 пайызы аудандық аурухананың перзентхана бөлімшесінде өмірге келеді. Қалған жүкті әйелдер облыстық перинаталдық орталықта босанады. Тұрғындар үшін бұл жағдай қиындық тудырады. Сондықтан өңірлендірудің ІІ деңгейіне өткен жаңа перзентхана бөлімшесін ашуды жөн санадық. Перзентхана бөлімшесі қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді", - деді Нұржамал Жұмағалиқызы.

Айта кету керек, ауданның акушер-гинекологтары Алматы қаласындағы "Ұлттық Акушерия Гинекология және Перинатаология" институтында және облыстық перинаталды орталықтан "Тиімді технологиялар орталығында" өз біліктіліктерін арттырған.

Жыл аяғына дейін жоспарланған 125 жүкті әйелдің 78-і аудандық ауруханада босанады деп күтілуде. Сонымен қатар, аудандық перзентханада босану көрсеткішін 70 пайызға арттыру жоспарлануда.

ІІ деңгейлі жаңа перзентхана бөлімшесінің жұмысына жоғары баға берген аудан әкімі денсаулық сақтау саласы мамандарының жұмысына жеміс тіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар