Петропавлда "Нұрлы жер" аясында 116 отбасы баспаналы болды

10 тамыз, 2018, 16:15 3077 Астана
Петропавлда

Кезекте тұрған адамдар үшін жалдау құнының 1 шаршы метрі үшін айына 772,7 теңгені құрайды.

Петропавл қаласында "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында "Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша 116 отбасы жаңа пәтерлер кілттерін алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

"Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағыты Қазақстан Республикасының тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асырудың жалғасы ретінде әзірленген және "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының бөлігі болып табылады. Бағдарламаның операторларының бірі - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес компаниясы мен "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ. 

Кезекте тұрған адамдар үшін жалдау құнының 1 шаршы метрі үшін айына 772,7 теңгені құрайды. Пәтер алғандардың арасында көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын басқа да азаматтар бар.

"Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" - ең осал санатқа жататын азаматтар үшін пәтер мәселесінің шешімі болып табылады. Салынған жүйенің ашықтығы шын мәнінде мұқтаж адамдарға тұрғын үй алуға кепілдік береді, бастапқы жарна мен артық төлемдердің болмауы отбасының қаржылық жүктемесін азайтады. Сонымен қатар, пәтерлер жалға алушыларға таза әрлеуде беріледі, яғни кезекте тұрған адамдар кілттерді алғаннан кейін бірден қоныстана алады", - деді "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ-ның Басқарушы директоры Арман Мұхатов.

Петропавл қаласының жаңа қоныстанушыларына Қазбек Байбулов көшесіндегі тұрғын үйден 36 бір бөлмелі, 58 екі бөлмелі және 22 үш бөлмелі пәтер берілді. Пәтерлердің ауданы 39,5 шаршы метрден бастап 78,5 дейінгі шаршы метрді құрады. Жаңа тұрғындарға салтанатты түрде кілттерді тапсыру дәстүрлі түрде жаңа үйдің ауласында өткізілді. 

"Тұрғын үй еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастамашылық еткен "Нұрлы Жер" бағдарламасының аясында салынды. Бүгін кезекте тұрған адамдар қоныс тойын тойлайды, олардың ішінде көп балалы аналар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер бар. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында біздің қаламызда тұрғын үй көптеп салынуда. Былтырғы жылы біз 1000 пәтер, биыл 1209 пәтер тапсырдық. "Нұрлы Жер" сияқты мемлекеттік бағдарламалардың арқасында отандастарымыз өз өмірлерін сапалы түрде жақсарта алады", - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Жылдың соңына дейін Петропавлда жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адамдар арасында "Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша тағы 96 пәтер беріледі. Петропавлда осы бағдарлама аясында соңғы екі жылда жалпы ауданы 22 121,3 шаршы метрді қамтитын 410 пәтерді кезекте тұрған адамдар алды.

2018 жылы "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ республика бойынша 80 мың шаршы метрден астам жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға береді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қарағандыда 65 пәтер және Ақтауда 478 пәтердің кілті кезекте тұрған адамдарға беріледі.

Осы жылы "Нұрлы жер" бағдарлама бойынша Қазақстанның Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Өскемен, Алматы және Астана сияқты сегіз қаласында тұрғын үйлер қолданысқа берілетін болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: