Петропавлда "Нұрлы жер" бойынша 221 жер үй салынады

Петропавлда

Биыл Петропавлда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 211 жер үй салынып, жаңа шағынаудан пайда болады. 

Қазір қала шетіндегі "Солнечный" кентіне инфрақұрылым тартылып, құрылыс қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавл қаласының шетіндегі "Солнечный" кентінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Былтыр ел қазынасынан 1 млрд 300 млн теңге бөлініп, су мен жарық тартылды. Жол да салынады. Ал биыл алғашқы 72 жер үйдің іргетасы қаланып, қазығы қағылды.

Қазір 16 үйдің қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған. Олардың құрылысына "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 600 млн теңгедей қаржы қарастырылған. Баспаналардың барлығы бірдей болады. Жалпы аумағы 72 шаршы метрден. Тұрғын үйлерді жер кезегінде тұрғын адамдар ала алады. 

Мұнда алдағы 3 жылда осындай 2 мыңнан астам жер үй бой көтереді.

Сонымен бірге биыл қалада "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 11 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл 1 жарым мыңдай отбасы баспаналы болады деген сөз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар