Пхёнчханда соққан қатты желден тау шаңғышыларының жарысы басқа күнге ауысты - Жаңалықтар | BNews

Пхёнчханда соққан қатты желден тау шаңғышыларының жарысы басқа күнге ауысты

12 ақпан, 09:45 635
Пхёнчханда соққан қатты желден тау шаңғышыларының жарысы басқа күнге ауысты

Жарыс 15-ші ақпанға ауыстырылды.

Олимпиада ойындарында қатты жел салдарынан шаңғымен кедергілер арқылы таудан төмен құлдилап түсу жарысы 15-ші ақпанға ауысты, деп хабарлады "Казинформ" ХАА Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

"Қазақстандық Мария Григорова қатысатын жарыс 15-ші ақпанда өтеді", -  деп түсініктеме берді ҰОК.

Естеріңізде болса бүгін 12 ақпанда қазақстандық Мария Григорова үлкен слалом бойынша жарысқа түсуі тиіс еді. Финал сағат 10:45-ке жоспарланған еді.

Бүгін сондай-ақ қазақстандықтардың қатысуымен (оның ішінде Дмитрий Рейхерд те бар) биатлон, фристайл және конькимен жүгіру жарыстары өтеді.

Еске сала кетейік, кеше Юлия Галышева қазақстандық құрама команданың қоржынына алғашқы қола медальді әкелді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар