Пхёнчхандағы паралимпиада ойындарына Қазақстан туын кім алып баратыны белгілі болды - Жаңалықтар | BNews

Пхёнчхандағы паралимпиада ойындарына Қазақстан туын кім алып баратыны белгілі болды

02 наурыз, 17:55 2417 Астана
Пхёнчхандағы паралимпиада ойындарына Қазақстан туын кім алып баратыны белгілі болды

Оны көзі нашар көретін паралимпиадаға қатысушы Қайрат Қанафин алып барады.

Солтүстік Қазақстан облысынан Қайрат Қанафин Пхёнчханда (Оңтүстік Корея) өтетін Қысқы Паралимпиада ойындарына Қазақстан туын алып барады, деп хабарлайды BNews.kz Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2014 жылы Сочиде өткен Паралимпиада ойындарының қатысушысы 42 жасар Петропавл қаласының тұрғыны Қайрат Қанафин механизатор болып жұмыс істеген. Ол 1997 жылы өндірістік жарақат алған және соның салдарынан көру қабілетінің төмендігі бойынша І топтағы мүгедек болып қалған. Сол себепті атлетпен жарыстарда спортшы-гид Антон Жданович көмек көрсетіп, жанында бірге жүреді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазақстанның паралимпиада құрамасының атлеттері қазір Талғардағы "Алатау" базасында. 5 наурызда құрама Алматыдан Пхёнчханға ұшады.

"Алдағы Пхёнчханда өтетін паралимпиада ойындары құрамадағы атлеттердің кей бірі мұндай сайыстарға алғашқы рет қатысып жатпаған болса да, олар үшін өте маңызды. Бұл құрамадағы ойыншылардың біразының спорт мансабындағы екінші ойындары. Мысалы, Жаңыл Балтабаева, Қайрат Қанафин, Александр Колядин және Сергей Усольцев бұрын Сочи-2014 ойындарына қатысқан. Ал Сергей Усольцев Афина-2014 (жеңіл атлетика) жазғы паралимпиада ойындарына қатысқан болса, енді ол қысқы құрама қатарында жарыстарда бағын сынайды", - деп атап өтілген баспасөз хабарламасында.

Биыл Пхёнчханда паралимпиада ойыншылары 80 медаль үшін сынға түсетін болады. Сайыс бағдарламасында алты ойын түрі (тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, хоккей-следж, сноуборд, кёрлинг) болады.

Қазақстан құрамасы тоғыз лицензияға ие болды және екі спорт түрінен: шаңғы жарысы мен биатлоннан сайыстарға қатысады.

Ұқсас жаңалықтар