Кәрім Мәсімов Digital Communications Kazakhstan 2011 форумын ашты (БЕЙНЕ, ФОТО)
Құрметті оқырман! Сiз «BNews.kz» АА сайтының ескі нұсқасын көріп тұрсыз. Бұл жерден 12.12.2016 ж. дейінгі барлық материалды көре аласыз.
Біздің жаңа сайтымыз www.bnews.kz орналасқан
Жоғары
Астана
USD 319.65
EUR 393.33
CNY 50.47
RUB 5.67


Кәрім Мәсімов Digital Communications Kazakhstan 2011 форумын ашты (БЕЙНЕ, ФОТО)

14 қыркүйек 2011 ж 10:20 , Астана

 АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. BNews.kz  – Қазақстан  Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов  бүгін  «Digital Communication Kazakhstan-2011» көрме-фоумын ашты.
 Digital Communications Kazakhstan 2011 көрме конференциясы Астанада  Тәуелсіздік сарайында 14 нен 16 қыркүйекке дейін өтеді. Ол  Қазақстан қоғамы мен жергілікті компанияларға еліміздің 2011–2015 жылдарға арналған  индустриясы мен инновациялық әлеуетін  көрсетеді.

Аталған шараға қатысушылар алдында сөз алған Үкімет басшысы бұл конференцияның өте маңызды екендігін айта келе: «Мен инфокоммуникациялық технологиялардың дамуының жақтасымын әрі белсенді қатысушысымын.  Бұл кез-келген елдің, кез-келген экономиканың болашағы үшін өте маңызды. Сонымен қатар осы конференцияны ұйымдастырушыларға  да  алғысымды білдіргім келеді. Бұл біз үшін қазіргі уақытта зор маңызға ие.  Өйткені бүгінде Қазақстан инфокоммуникациялық технологиялар саласында қарқынды даму жолында тұр», - деді.
Сонымен қатар К.Мәсімов ел Үкіметінің отандық компаниялар  әлемнің жетекші компанияларымен әріптестік орната отырып, дамиды деп сенетіндігін баса айтты. Себебі бұл сектордың дамуы білім беру, медицина, индустрия сынды салалардың алға жылжуына серпін береді. «Сондықтан мен осында келіп, конференцияны ашуым қажетті әрі маңызды қадам деп санадым. Қазақстан үшін, Қазақстан Үкіметі үшін қазақстандық компаниялар ең маңызды басымдықтардың бірі екендігін көрсеткім келді», деді Премьер-Министр.

 


Қатысты жаңалықтар: