Полиция Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша тексерісті аяқтады

25 қазан, 2018, 14:16 3552 Астана
Полиция Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша тексерісті аяқтады

ҚР Ішкі істер министрі аталған іске қатысты материалдармен танысып болған соң, бірден сотқа жіберілетінін атап өтті.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Парламент Сенатының пленарлық отырысынан кейін Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша тексерістің аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біз істі аяқтадық, бірақ материалдармен танысу процесі жүріп жатыр. Сондықтан біз істі сотқа жіберуді 15 күнге созуға мәжбүр болдық. Аталған іске қатысты материалдармен танысып болған соң, бірден сотқа жіберіледі", - деді Қалмұханбет Қасымов.

Сондай-ақ, ол істің фигуранттары тексеру жұмыстарының нәтижесімен қанша уақыт қаласа, сонша уақыт аралығында танысуға құқылы екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 19 шілдесінде қазақстандық спортшыны Алматыда пышақтап кетті. Оқиға орнында 3 литр қан жоғалтқан соң жедел жәрдем қызметімен аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Алайда дәрігерлер 25 жастағы Денис Теннің өмірін құтқара алмады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар