Полициядан қашқан өскемендік мас жүргізуші адам қағып кетті - Жаңалықтар | BNews

Полициядан қашқан өскемендік мас жүргізуші адам қағып кетті

08 ақпан, 15:09 1591 Шығыс Қазақстан облысы
Полициядан қашқан өскемендік мас жүргізуші адам қағып кетті

Тексеру кезінде ол бөтен автокөлікті жүргізгені анықталды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласының жол-патрульдік полиция батальоны мас күйінде көлік айдаған жүргізуішіні ұстаған.

Subaru Legacy көлігінің Вороштлов көшесімен қатты жүріп келе жатқанын байқаған полиция, күдікті көліктің соңына түсіп, тоқтауын талап етеді. Жүргізуші айтқанға құлақ аспай, бағдаршамның қызыл белгісінен де өтіп кеткен. Жолай ол жаяу жүргіншіні де қағып кетті.

"Қуғыншы жол сақшыларының бір мүшесі зардап шегушінің қасында қалып, жедел жәрдем қызметін шақырды. 24 жастағы азаматша түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Ал мас жүргізуші Красин көшесінің бойында ұсталды. Амалы таусылған жүргізуші көлігін тастап қашпақ болған. Сақшылардың жедел әрекеттерінің арқасында көлік иесі ұзап кете алмады" - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Ол 27 жастағы Өскеменнің тұрғыны  және оның астындағы көлік өзінікі болмай шықты. Қазір бұл оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары