Польшада Абай орталығы ашылады

16 қараша, 2018, 10:32 2639 Шығыс Қазақстан облысы
Польшада Абай орталығы ашылады

Келісімге Еуропалық одақ және Орталық Азия елдерінің университет ректорлары форумында қол қойылған.

Польшаның Свече қаласында Абай орталығы ашылады, ал Өскеменде Коперник ғылыми-білім беру орталығы пайда болады, деп хабарлайды BNews.kz  Алтайньюске сілтеме жасап.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Польшада Абай ғылыми-білім беру орталығын, ал ШҚМУ-да Коперник ғылыми-білім беру орталығын ашу туралы келісімге қол қойды.

Енді ШҚМУ-да Коперник орталығы, Польшаның Свече қаласындағы Лингвистикалық-техникалық университете Абай орталығы пайда болады.

Келісімге Еуропалық одақ және Орталық Азия елдерінің университет ректорлары форумында қол қойылған.

Келісімнің мақсаты – ғылым, білім, мәдениет салаларындағы іс-шараларды іске асыру арқылы қазақ-поляк қарым-қатынасын дамыту.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар