Премьер-министр Атыраудағы бірегей көпір құрылысымен танысты

13 сәуір, 2018, 16:51 3324 Атырау облысы
Премьер-министр Атыраудағы бірегей көпір құрылысымен танысты

Көпір толықтай бетоннан тұрғызылып, тіреуішсіз салынады.

Атырау облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Махамбет ауданындағы Орал өзені арқылы өтетін көпір құрылысымен танысты, деп хабарлайды  BNews.kz.

Махамбет ауылындағы Орал өзені арқылы өтетін көпір республикалық маңыздағы "Атырау —Орал" көлік жолын облыстық маңыздағы "Атырау — Индер" жолымен байланыстырады. Көпір"Ақтобе — Атырау — Астрахан" жолының бір бөлігі аталып, Ақтөбеден Астраханға қатынайтын жол қашықтығын азайтады. Осылайша көлік ағымы Атырауға кірмей тура өтеді. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады.

Махамбет ауданындағы жаңа көпір қосымша көлік дәлізін құрып, облыс орталығындағы көлік кептелісін айтарлықтай азайтады. Көпір үсті екі жолақтан тұратын болады, көпір жанынан жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған. Ол тұрғындар мен көліктің қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ жобаланып отырған құрылыс орта және шағын бизнестің дамуына да серпін береді.

Көпір толықтай бетоннан тұрғызылып, тіреуішсіз салынады. Бұл құрылыстың ерекшелігі екенін айта кеткен жоқ. Орал арқылы өтетін жаңа көпірдің жүк көтергіш қасиеті 180 т, ұзындығы – 860 м, ені – 13м. Жалпы ұзындығы - 8,5 шақырым.

Естеріңізге сала кетейік ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Ол мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысымен танысты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар