Премьер-министр ҚР Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады

13 қараша, 2018, 11:48 1661 Астана
Премьер-министр ҚР Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады

Бақытжан Сағынтаевтың Өкімімен Серік Жұманғаринге сөгіс жарияланды.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министріне сөгіс жариялады, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Ұлттық экономика министрлігінің Монополияға қарсы комитеттің оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын тәртіпке келтіруін қолдаймын. Оған қосымша мәлімет ретінде менің Өкіміммен Ұлттық экономика вице-министрі, яғни осы саланың кураторы Серік Жұманғаринге сөгіс жарияланды", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Жақында Ақордада өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев коммуналдық қызметтерге тарифтерді заңсыз өсірген табиғи монополиялар субъектілерін жазалауды талап етті.

Сонымен қатар, Елбасы елімізде электр энергиясы құнын төмендетуді тапсырды.

Айта кетейік, Президент тариф саласында орын алған кемшіліктерге байланысты ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиевке сөгіс жариялады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар