Президент 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орынға арналған студенттік жатақхана салуды тапсырды

21 қараша, 2018, 18:46 1599 Астана
Президент 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орынға арналған студенттік жатақхана салуды тапсырды

2018 жылы ғылымға бөлінген қаражат көлемі 43,7 миллиард теңгені құрады.

Білім беру жүйесін одан әрі жаңғырту мәселесі жөнінде өткізген кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылдың аяғына дейін кем дегенде 75 мың орынға арналған студенттік жатақхана салу жөніндегі тапсырманың уақтылы орындалуы маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы техникалық және кәсіптік бейіндегі 583 колледжде "Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы іске асырылып келе жатқанын айтып, жоғары білім беру саласында университеттердің академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту үшін заң қабылданғанын айтты.

"Біз алдымызға студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөнінде мақсат қойдық. Жалпы, 2018 жылы ғылымға бөлінген қаражат көлемі 43,7 миллиард теңгені құрап отыр", – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы жоспарланған шаралар білім беру жүйесінің барлық деңгейінде – бастапқы сатыдан жоғары оқу орнында оқығанға дейін көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталуы тиіс екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев 2022 жылдың аяғына дейін кем дегенде 75 мың орынға арналған студенттік жатақхана салу жөніндегі тапсырманың уақтылы орындалуы маңызды екенін атап өтті.

"Білім берудің сапасы мен қол жетімділігін арттыру үшін мемлекет тарапынан қабылданған шаралар жөнінде халыққа кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Қазақстандықтар қолға алынып жатқан бастамалардың мәнін түсініп, оған атсалысу үшін халықпен тиімді тығыз байланысты ұдайы ұстану қажет. Мемлекеттің барлық бастамалары халқымыздың тұрмыс деңгейін жақсартуға бағытталған. Жұрттың сапалы білім алып, сұранысқа ие мамандығы мен лайықты жұмысы болғанда ғана әл-ауқатымыз артады", – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігіне белгіленген міндеттердің бәрінің сапалы орындалуына бақылау жасауды тапсырды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар