Президент Ақтөбедегі "Аяла" балаларды сауықтыру орталығына барды

15 қазан, 2018, 19:41 2248 Ақтөбе облысы
Президент Ақтөбедегі

Нұрсұлтан Назарбаевқа "Бақытты бала" облыстық жобасының жүзеге асырылу нәтижелері жөнінде мәлімделді.

Мемлекет басшысы Ақтөбедегі жұмыс сапары аясында "Аяла" балаларды сауықтыру орталығына барды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы балалардың церебральді сал ауруымен, аутизммен, нейро-ортопедиялық патологиямен ауыратын балаларға арналған заманауи технологиялар мен стандарттары бар әлеуметтік-психологиялық және медициналық оңалту бағдарламаларымен танысты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа "Бақытты бала" облыстық жобасының жүзеге асырылу нәтижелері жөнінде мәлімделді. Жоба аясында ерекше мұқтаж балалар үшін арнайы коррекциялық балабақша, психологиялық және медициналық-педагогикалық консультация беретін орындар, "Күншуақ" балаларды сауықтыру лагері, аудандарда психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеттері және Ақтөбе қаласының орта мектептеріндегі инклюзивті білім беру ісін дамыту жөніндегі ресурсты кабинеттер ашылып, жұмыс істеуде.

Айта кетейік, орталықты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында "Ақтөбе мыс компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салып, Швейцария, Чехия, Польша және Ресейдің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықтаған.

Бұған дейін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақтөбе қаласына келгені хабарланған.

Қазақстан Президенті "DaruZharygy" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің офтальмология орталығына барды. Мемлекет басшысы жаңа клиниканың емханалық, диагностикалық және стационарлық бөлімшелерін, лазер орталығы мен ота жасау бөлімін аралап көрді, сондай-ақ көзге ота жасауға арналған заманауи медициналық құрал-жабдықтармен танысты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар