Президент банктер мәселесіне қатысты ойын білдірді - Жаңалықтар | BNews

Президент банктер мәселесіне қатысты ойын білдірді

09 ақпан, 13:25 1629 Астана
Президент банктер мәселесіне қатысты ойын білдірді

Ұлттық банк басшысы өткен жылы банк секторындағы мәселелер баяу шешілгенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев кеңейтілген Үкімет отырысында банк секторында қалыптасқан жағдайға қатысты пікірін білдірді.

"Бұл қашан бітеді? Әбілязов бастаған БТА банкі мемлекет пен халықтың ақшасын барлығының көз алдында жаппай ұрлады. Бүкіл әлемге біз мұны ашып көрсетіп, мемлекет ақшасын ұрлау екендігін дәлелдедік. Ал қазір ше? Банк құрдық және енді оған адамдар, ұлттық компаниялар бара бастады.  Акционерлер ол жақтан ақшаны шығарып жатыр. Ұлттық банк болса, мұны бақылап қана отыр. Бұған қалай жол беруге болады?", - деді Елбасы.

Мәжіліс барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 2008-2009 жылдарда орын алған дағдарыс кезінде туындаған банк секторындағы проблемалардың өткен жылы баяу шешілгенін атап өтті. Оның айтуынша, банктердің проблемасын шынайы мойындаудың орнына оларға реструктуризациялау жүргізіліп, жекелеген кредиттер шығынға жатқызылған. Алайда банк жүйесін кең ауқымды сауықтыру болған жоқ.

"Бұған қоса, нарықтың кейбір қатысушылары акционерлермен және менеджерлермен байланысы бар тұлғаларды кредиттеу бөлігінде тәуекелді саясат жүргізуін жалғастыра берді. 2000 жылдары мұндай қызмет шетелдік заем қаражат есебінен қаржыландырылып келсе, соңғы жылдары мемлекет қаражаты есебінен қаржыландырылуда", - деді банк басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары